«Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында елорданың төл құрдастарымен кездесу өтті.
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында елордаға құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, жиырма жыл өмірде белгілі табыстарға қол жеткізген елорда құрдастарының бей-нелері арқылы белсенді өмірлік ұстаным мен көшбасшылық қасиеттерді насихаттау.Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткен кездесуге елорданың төл құрдастарымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ізбасаров Әлібек, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Әбілбаев Абай және елімізге танымал жайдарманшылар, «Арал-Ас» тобының ойыншылары Данияр Бекжанов пен Ақылбек Скендіровтер де бар.
Жиын барысында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдағы өткені мен бүгіні жөнінде әңгіме өрбіді.
Осыдан 20 жыл бұрын Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің еліміздің күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылатындығын атап өтті, «Жас Отан» ЖҚ-ы аудандық филиалының төрағасы Абай Әбілбаев.
Кездесу қоңақтары «Арал-Ас» жайдарман тобының ойыншылары Данияр Бекжанов пен Ақылбек Скендіровтер – өздерінің шығармашылық өмірлеріндегі табыстары мен жеңістері туралы баяндап,ондағы әрбір жетістікті, елордамыз Астанамен байланыстырды.
-Мен үшін Астана — ең алдымен, шексіз мүмкіндіктер мекені және асқақ армандар мен биік мақсаттардың алтын кілті дер едім. Үлкен қалада үнемі қайнаған тіршілік, бәсекелестік өте жоғары, ал бәсекелестік бар жерде ғана алға жылжуға, дамуға мүмкіндік бар,-деді жайдарманшы Данияр Бекжанов.
Келелі кездесуде жастар ғылым-білімге, жаңа орта, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы жарқын болашақтарын елордамыз Астанамен байланыстырып, махаббаттың,
жасампаздықтың, достықтың, сұлулықтың символына айналған Астананың әлем алдындағы беделі төңірегінде әңгіме өрбітті.