Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды.
Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты.
«2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден көтеріп тұрудан әлем рекордын жаңартқан болатын. Ол 1 сағат 2 секунд шыдады. Бұл жолы Ақтөбеде өткен фестиваль кезінде Муса Туркумбаевның көрсеткіші 1 сағат 13 минут 2 секунд болып тіркелді. Кішкентай Муса жыл сайын осы фестивальге қатысып, рекорд жаңартуды әдетке айналдырған. Біз үнемі оны қолдап, аяқ алысын бақылап отырамыз. Қазір дзюдомен айналысып жүр. Спортшы Ақтөбенің мақтанышы, дәулеті», - деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.