Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жүзгіш АҚШ-та өткен жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық жүзгіш АҚШ-та өткен жарыста жеңімпаз атанды

АҚШ-та өткен жүзуден CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды, Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден топ жарды. Ол аталған қашықтықты 23.76 секундта жүзіп өткен. Баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Мусин 52.42 секундты көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ал финалдық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді. Брасс әдісімен 100 метрге жүзуден Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды. Баландиннің көрсеткіші - 1.00.12. Әділ Қасқабай шалқалай жүзуден бесінші орынға табан тіреді. Айта кетейік, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай Қазақстан ҰОК бастамасымен АҚШ-та жаттығуда. Спортшылар әйгілі маман Дэйв Салоның жетекшілігімен дайындалып жатыр.
https://kaz.tengrinews.kz
24 маусым 2019 ж. 1 053 0