Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 17-25 мамыр аралығында темір жол аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Темір жол – аса қауіпті аймақтардың бірі. Сондықтан тұрғындарды темір жол бойында бей-берекет жүруден, белгіленбеген жерден өтуден және пойызға жақын жүруден сақ болуға шақырамыз.

Құрметті Арал қаласының тұрғындарымен қонақтары!
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін:
▪️ темір жолды тек арнайы өткелдер арқылы өтіңіз;
▪️ құлаққап тағып, телефонға алаңдап жолдан өтпеңіз;
▪️ балаларды темір жол маңында қараусыз қалдырмаңыз;
▪️ қозғалып келе жатқан пойызға жақындамаңыз.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі.
Темір жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікке баршаңызды жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.



Арал теңізі ст.КПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев
20 мамыр 2026 ж. 30 0