"Темір жолда өзіңді сақта" акциясы
Арал теңізі ст.КПб қызмет көрсету аймаңында 2026 жылдың 20-23 сәуір аралығындағы «Теміржолда өзіңді сақта!» акциясының 2-ші кезеңі өткізілуде.Акция аясында «Темір жол аса қауіпті аймақ!»,«Жасөспірімдер немесе кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу» тақырыптарында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Мақсаты:Темір жол аймағында жасөспірімдердің түрлі дене жарақаттарын алып қалмауы, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және жолаушылар пойыздарының терезелеріне тас кесектеп лақтырмауы, темір жолдан белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі, сонымен қатар темір жолдың үстіне әр түрлі заттарды қойып кетпеулері, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және құқық бұзушылықтарға жол бермеуі жөнінде қала қонақтары мен тұрғындарға сақ болуға шақырады.
Арал теңізі станциясындағы Көліктегі полиция бөлімшесі.
полиция капитаны С.Есмурзаев










