Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Темір жол – аса қауіпті аймақ

Темір жол – аса қауіпті аймақ

Арал теңізі стансасы – қаланың халық тығыз орналасқан орталық бөлігінде. Жүк құрамалары мен жолаушылар пойыздарының үздіксіз қозғалысы, келімді-кетімді жолаушылардың көптігінен бұл жердің жайбарақат мекен еместігін аңғарасыз.

Теміржол көлік объектісінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері үнемі көлік объектісіне жақын орналасқан оқу орындарында, көлік объектілерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Онда кәмелетке толмағандарға, теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігі, теміржолға жақын тұрған және үйіне қайтып өтіп бара жатқан жасөспірім бірінші кезекте өзіне қауіп төндіретіндігі туралы түсіндіріледі. Өзінің абайсыздығынан, ойынға беріле отырып, жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі мүмкін. Себебі темір жол арқылы белгіленбеген жерлер арқылы өтуінен (тұрған поездың астынан, алдынан, артынан өтуі), темір жол қоршауының ішінде жүруінен, темір жол арқылы өткенде құлақтарына құлаққап (наушник) тағып жүруінен, поездардың алдынан жүгіріп өтуінен, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жатқан пойыздардың терезелеріне тас лақтыру сияқты әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар темір жол арқылы поезд алдынан жүгіріп өту салдарынан поездардың жедел тежегіштерін іске қосуынан өтіп бара жатқан поездың тоқтап қалуына әкеп соғады. Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірден белгілі. Осыған қарамастан Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында 2022 жылдың 12 айында 9 дерек жедел тежегіш қолданып поездардың тоқтауы орын алған. Оның ішінде 4 дерек темір жолға адамдардың шығуынан, 2 дерек үй жануарларының темір жолға шығуының салдарынан, 1-дерек жолаушылар поездарын тежегіш кранын тартып тоқтату салдарынан, 2-дерек автокөліктің темір жол өткеліне шығу салдарынан болған. Сонымен қатар темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5 бөлігіне сай (темір жол арқылы белгіленбеген жерден өту) - 147 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 1 бөлігіне сай (темір жол жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін) - 2 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 560 бабының 2 бөлігіне сай (темір жол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін) - 3 азаматқа әкімшілік шара көрілді.


Болатбек Жаңабергенұлы Ерсейтов,
Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы , полиция майоры
10 қаңтар 2023 ж. 517 0