«Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар» акциясы жалғасуда

Профилактикалық түсіндіру іс-шарасы барысында Абай станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері азаматтарға, темір жолдың қауіпті аймаққа жататындығы және ондай жерлермен жүргенде жаяу жүргіншілер темір жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Жаяу жүргіншілер де көлік жүргізушілер де темір жолдарын пойызға жол бере отырып, тек қана арнайы темір жол өтпелерінен кесіп өту керек. Темір жол өткеліне келген кезде жүргінші темір жол белгілерінің, бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өткел кезекшінің нұсқауын ескеруге, жақындап қалған пойызға көз жеткізуге міндетті.
Сонымен қатар жас өспірім балаларға және олардың ата-аналарына, балалардың темір жол бойында ойнауға және белгіленбеген жерден темір жол арқылы өткен кезде ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік шараға тартылатындығы туралы ескертілді.
Абай станциясындағы желілік полиция бөлімшесі