Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фармацевтикалық қызмет мәселелері қаралды

Фармацевтикалық қызмет мәселелері қаралды

Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанерке Жақсылық азаматтарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар фармацевтикалық қызмет саласына қатысты өз сауалдарын қойды. Азаматтардың бірі фармацевт мамандығы бойынша орта біліммен дәріхана ашуға қандай мүмкіндіктер бар екенін сұрады.
Өтініш иесіне ҚР ДСМ №59 бұйрығына сәйкес, заңды тұлғалар үшін дәріхана немесе оның бөлімшесі басшысының жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы қажет екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың да жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс екені айтылды.
Сондай-ақ қабылдауға келген тағы бір тұрғын фармацевтикалық қызмет лицензиясының берілу мерзіміне қатысты сауал жолдады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі – 15 жұмыс күні, қайта ресімдеу мерзімі – 3 жұмыс күні, ал лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру мерзімі – 2 жұмыс күні екені түсіндірілді.
Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер беріліп, азаматтардың өтініштері бақылауға алынатыны жеткізілді.
21 мамыр 2026 ж. 31 0