Қызылорда облысында дәрі қоры жеткілікті

«Департамент тарапынан карантиндік шараларға байланысты, дәріхана ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 44 халықаралық патенттелмеген атауының болуына, саны мен бағасына апта сайын мониторинг жасалады. Сондай-ақ, бүгінде дәріханаларда тұрғындардың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін екі айлық қоры бар», – деді Қызылорда облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
kyzylorda-news.kz