Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен күрес: Қызылордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Коронавируспен күрес: Қызылордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Қызылорда облысында коронавируспен күрес бағытында халыққа қажетті дәрі-дәрмек қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгінде өңір дәріханаларында халыққа қажетті дәрілік заттар жеткілікті. Мониторинг топ медициналық бұйымдардың бар-жоқтығына үнемі бақылау жүргізуде. Сондай-ақ, тексеру барысында шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 72 атауы анықталды.
«Шекті бағасынан асып кету дерегі бойынша 33 әкімшілік іс қаралып, оларға 5,2 млн теңге айыппұл салынды. Ал дәрілік заттарды заңсыз сату дерегі бойынша 17 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Мұнан өзге, заңсыз айналымнан 448 дәрілік зат және 36 медициналық бұйым тәркіленді», – деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
Департамент тарапынан өңірдегі көтерме дистрибьюторлар мен дәріханаларда неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуына мониторингті тұрақты жасап отыр. Сол арқылы биылғы жылғы 15 шілде мен 23 желтоқсан аралығында көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларда дәрілік заттар қоры біршама артты.
«Атап айтқанда, антибиотиктер 2,3, вирусқа қарсы препараттар 2,4, және антикоагулянттар 2,4, ыстықты түсіретін препараттар 3,7, медициналық маскалар 1,5 есе көбейді. Осы мақсатта бөлінген қаржыға ыстық түсіретін, антибиотиктер, вирусқа қарсы, иммуностимуляторлар, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар сатып алынды», – деді Н.Әділханов. Сондай-ақ, Қызылордада коронавирус жұқтырған науқастардың 98,4 пайызы толығымен жазылды.
inform.kz
24 желтоқсан 2020 ж. 583 0