«Адал азамат: білім, тәрбие, болашақ» атты форум өтті
№75 орта мектебінде «Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асқан тағылымды істерді қорытындылау мақсатында «Адал азамат: білім, тәрбие, болашақ» атты форум өтті.Форум «Қызғалдақ» қыздар клубының патриоттық флешмобымен бастау алып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Іс-шараның ашылу сөзін мектеп директоры Ж. Абдраманов айтып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мен біртұтас тәрбие бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдраманов Жомарт Шындалыұлы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, мазмұнды баяндама жасады.
Форумның маңызды бөлігі – жыл бойы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектеп өмірінде үздік нәтиже көрсеткен сыныптар мен сынып жетекшілерін марапаттау рәсімі болды.
«Тәртіпті сынып» номинациясын 5-сынып – сынып жетекшісі Қожамұратова Мадина, 4 «Б» сыныбы – Аймаханова Мерует, 3-сынып – Кикбаева Зауре, 7 «Б» сыныбы – Байтуғанова Айнаш иеленсе, «Ұйымшыл сынып» номинациясы бойынша 11-сынып – Ибраева Перизат, 1-сынып – Досжанова Фарида, 2-сынып – Маханбетова Жанар, «Патриот сынып» номинациясын 10-сынып оқушылары-Даулетова Айнұр, «Шығармашыл сынып» номинациясын 6-сынып – Сермаханова Мауе, 8-сынып – Қосыбаева Алтын, 4 «А» сыныбы – Өмірзақова Гүлжанат, «Волонтер сынып» номинациясын 7 «А» сыныбы – Жұмағалиева Ақтоты, 9-сынып – Қорғанбаева Бақтыбике еншіледі.

Номинация иегерлеріне қаржылай сертификаттар табысталып, сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі атынан Алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар тәрбие жолындағы тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін ұстаздар мектеп директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Аталған сыныптарға демеушілік жасаған мектебіміздің түлектеріне ерекше алғыс білдіреміз. Олар бүгінде ел тыныштығын күзетіп, әскери салада абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар: Ермагамбетов Асхат Марсұлы, Измуратов Дастан Бетайұлы,Жұбатқанов Тоқтамыс Байқалұлы, Өтеген Медет Мұхтарұлы, Сағиданов Арсен Мырзабекұлы, Зейнадинов Әділет Ержанұлы. Сонымен мектеп кәсіподақ ұйымы мен мектеп әкімшілігі де демеушілік жасады.

Форум қорытындысында «Жасұлан» ұйымының орындауындағы «Егемен елім менің» хоры шырқалып, шара жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

Адал азамат: білім, тәрбие, болашақ» тақырыбындағы форум өскелең ұрпақтың бойына адалдық, патриоттық, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін сіңіруге бағытталған тағылымды шара болды.
Демеуова Бақытгүл Сағындыққызы,Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары










