43 градусқа дейін көтеріледі: қай өңірде қатты ыстық болады?
Қазгидромет 18, 19, 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр болжанып отыр. Бұршақ жауып, жел күшеюі де мүмкін.
19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы күрт өзгермейді.
Фото: massaget.kz









