Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алда күн жылынады

Алда күн жылынады

Қазгидромет 5, 6, 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +22…+32 градустан +27…+36 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында +15…+30 градустан +20…+35 градусқа дейін көтеріледі.

massaget.kz
05 мамыр 2026 ж. 47 0