Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 40 градус ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

40 градус ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 30, 31 мамырға және 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

30-31 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ болжанып отыр. Сонымен қатар, жел соғады.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды. Ел бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста, орталықта +23…+38 градусқа дейін, ал оңтүстікте +30…+40 градусқа дейін жоғарылайды.
Фото: depositphotos.com
29 мамыр 2026 ж. 36 0