Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкері күніне орай ӘМСҚ филиалының қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкері күніне орай ӘМСҚ филиалының қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұжымы кәсіби мерекені ерекше құрметпен қарсы алуда. Медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингі бөлімінің қызметкерлері жоғары кәсібилігі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық марапаттарға ие болды.
Бөлімнің бас сарапшысы Ақмарал Арзыкулова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бөлім басшысы Гүлнара Кенжебаева Қор Басқармасы Төрағасының Құрмет грамотасына ие болды. Ал Қор Басқармасы Төрағасының Алғыс хаттары бас сарапшылар Дина Ахмет пен Никита Мясцовқа табысталды.
Қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов марапат иелерін және барлық ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, жауапты еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.
«Ең қымбат құндылық - адам денсаулығы медицина қызметкерлеріне сеніп тапсырылады. Бұл міндет терең білімді, жоғары жауапкершілікті, өз ісіне деген адалдықты және адамдарға шынайы қызмет етуді талап етеді. Кәсіби тәжірибелеріңіз алдағы уақытта да пациенттерге қолжетімді, уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге септігін тигізе берсін», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Бүгінде Қордың облыстық филиалында 36 маман еңбек етеді, оның 15-і жоғары медициналық білімі бар. Мамандардың білімі мен тәжірибесі пациенттердің құқықтарын қорғау және МӘМС жүйесі аясында медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету міндеттерін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
19 маусым 2026 ж. 56 0