Ардагерлер үйден дауыс беруде
Арал қаласы әкімінің сайлауында белсенділік танытып жатқан сайлаушылардың қатарында ауданымыздың ардагер сайлаушылары да бар. Үйден дауыс беріп жатқан қарт сайлаушылардың қатарында Садуақасов Сахи, Есеналиева Қоңыр және Ержанова Толмаш-есімді тұрғындар бар.Сайлау науқанында туған жердің бүгіні мен ертеңіне бейжай қарамайтын сайлаушылар сайлау учаскелеріне бара алмаса да үйден дауыс беріп, азаматтық белсенділік танытуда.











