Казнетте "Ауылдың EagleZ" атты жаңа онлайн-реалити жарық көрді

Шоу шарттары қыздар үшін ауыр болмақ, себебі олардың қолы бір-біріне байлаулы, оны тек 7-күні шешуге рұқсат. Реалити соңында екі қыз бір-біріне қарсылас болады. Әркімге жеке сын дайындалады. Оны белгілі бір уақытта, қаланың бір нүктесінде орындау керек. Тапсырманы кім бірінші аяқтаса, сол ақшалай жүлдеге ие болады. Ал уақытқа үлгермесе, ортақ шоттағы ақша күйіп кетеді. Жеңімпаз соңғы қалған соманы алады.
"Ауылдың EagleZ" - алғашқы интерактив шоу, онда көрермен тікелей эфирде дауыс бере алады. Олар қатысушылардың қайда түнейтінін, кімнің түскі ассыз қалатынын шешеді. Дауыс беру механикасы қарапайым, ол үшін шоудың ресми арналарында тікелей эфирді көріп, пікір қалдыратын жерге жауаптың нұсқасын жазу керек. Дауыс беру күніне бірнеше рет ашылады.
"Ауылдың EagleZ" шоуында шынайы эмоцияларды көруге болады. Бұл павильондарда түсірілетін қойылым емес. Бұл қаладағы нағыз өмір. Сіз оларға хат жазып, Алматының кез келген жерінде кездесе аласыз. Осылайша сіз де тікелей эфирден шығып, жобаның бір мүшесі атана аласыз", - дейді реалити авторлары. Шоуды YouTube және "ВКонтакте" әлеумттік желісіндегі Q-Pop Salem анасынан көруге болады. Жоба 13 мамырда сағат 18:00 басталған.