Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тікелей эфирде 12 балалы анаға 5 бөлмелі үйдің кілті берілді

Тікелей эфирде 12 балалы анаға 5 бөлмелі үйдің кілті берілді

«Qazaqstan» Ұлттық арнасында 4 наурыздан бастап жаңа форматта шыққан «SHAŃYRAQ» ток-шоуының бірінші кейіпкері, Шымкент қаласының тұрғыны 34 жасар Айсұлу Жәлелқызы болды.

12 баласы бар ана студияға 3 қызымен келіп, бағдарлама барысында өзінің отбасылық мәселелерін ортаға салып, өміріндегі қиындықтарымен бөлісті. Қазіргі кезде көп балалы ана жұмыссыз, жолдасының да нақты жұмысы жоқ. Отбасы жалдамалы 1 бөлмеде тұрады, 4 баласын интернатқа берген.
Бағдарлама соңында «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі Төребай Асқарұлы көпбалалы анаға бес бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.
Отбасылық-әлеуметтік «SHAŃYRAQ» ток-шоуы «Qazaqstan» ұлттық арнасында дүйсенбі-жұма аралығында 14:25-те тікелей эфирде шығады.
baq.kz
04 наурыз 2019 ж. 1 310 0