Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдедегі маңызды шешім

Шілдедегі маңызды шешім

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қортынды отырысы өтті. Өкілетті органның бас қосуында Парламент қабырғасындағы атқарылған жұмыстар жан- жақты екшелді. Палата Спикері Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыдан жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кеңінен баяндалды.
Ел Президенті өз Жолдауында Сенаттың қызметіне жоғары баға бергені айтылып мемлекетіміздің өсіп , өркендеуі жолында жемісті жұмыстар қолға алынғаны баяндалды. Жалпы отыз жыл ішінде Сенатта қаншама өзекті мәселелер екшелді. Талай халық қажеттігіне арналған заң қабылданып, аймақтардан сайланған депудаттар сайлаушылар алдында жүздері жарқын болуы үшін көп көкейіндегі мәселелерді мінбеде көтерді. Бір сөзбен айтқанда Парламенттің функцияларын бұлжытпай орындаған Сенат заң шығару қызметін үздіксіз қамтамасыз ете алды. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт КемелұлыТоқаевтың бастамасымен қолға алынып, Республикалық референдумда азаматтардың қолдауына ие болған конституциялық реформаны заңнамалық шеңберде қамтамасыз етуде Сенаттың рөлі айрықша көрінді.
Бүгінде” Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет” қағидаты тиімді жүзеге асып, саяси жаңашылдыққа бетбұрыс айқын байқалды. Сонымен Әділетті Қазақстанды құруға даңғыл жол салған еліміз тарихтың жаңа кезеңіне қадам басты.

Абай Елеш
01 шілде 2026 ж. 51 0