Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды

Мемлекет басшысы Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды

tolqyn.kz Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғасатындығын айтып өтті.
«Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды. Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоятынын айтты. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болады.
«Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады. Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау», - деді Мемлекет басшысы.
26 қараша 2022 ж. 411 0