Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оба ауруынан сақтаныңыз!

Оба ауруынан сақтаныңыз!

Оба ауруы –аса қауіпті  жұқпалы карантинді аурулар қатарына жатады.
Оба  ауруының   тарату  көзі  -дала  кеміргіштері (балпақ,  дәусемен,  құм тышқан, саршұнақ, суыр, сұр тышқан. т.б) қояндар,  түлкі, үй  тышқандары, үй  жануарлары (түйе, ит, мысық)
Оба  ауруы  бүргелер  шағу  арқылы, кенелерді  жалаң  қолмен  езгенде, обамен ауырған малдарды,  жабайы  жануарлар мен  дала  тышқандарын  сойғанда,  терісін  сыпырғанда, обамен  ауырған  адамның  пайдаланған   заттарын  ұстағанда  қарым-қатынас  арқылы,  ауырған  малдың  етін, сүтін  асқа  пайдаланғанда,  обамен ауырған адамның  науқасы  асқынып,  өкпелік  түріне  өткенде  ауа  арқылы  да  жұғады.
Оба  ауруы   жұққан соң   жасырын  өту    мерзімі 2-3 сағаттан  6  тәулікке  дейін  созылады. Ауру  кенеттен  басталып,  дене  қызуы 38-40 градусқа  дейін  көтеріледі,  науқастың  халі  нашарлап, күрт  әлсірейді,  басы  қатты  ауырып,  басы  айналады, қалтырайды,  іші  қызады, ауру  сандырақтап, қорқыныш  пайда  болады, көзі  қарауытып, аз уақыт есінен тануы  мүмкін,  ұйқысы  бұзылады, шөлдейді,  жүрегі  айнып,  құсады, жөтел пайда  болуы  мүмкін,  оба  қоздырғышы   бүрге  шаққан  немесе  қан арқылы  ағзаға  түскен  кезде  ол жақын орналасқан  бездері  шошиды, сол арада «бітеу  жара» пайда  болып, ол жер  қол тигізбей  ауырады.
Оба   ауруының   алдын алу  және  сақтану  үшін  табиғи ошақта  обаға    қарсы  егілу,   далалық  жерлерде  тышқандардың  ініне  жоламау,  тышқан  ауламау,  соймау,  жеке  бас  гигиенасын    қатаң  сақтау,  қолды  сабындап  жуу,   далалық жерде  жан-жағы  қымталған  киім кию,  аяқ  киіммен  жүру қажет.  Үйде   бүрге,   тышқанның  болмауын  қадағалау, егер  пайда  болса  тез арада   тиісті   мекемелермен келісім-шарт  жасасып, жойғызу керек.  Мүмкіндігінше 15 наурыз бен  15 қараша  аралығында  түйе  малын  соймау,  себебі  түйелерде  оба  ауруының  белгілері  ұзақ  уақытқа  дейін  білінбей  өтеді, сондықтан  ауру  түйені  сойып, адамдар ауырып  қалуы  мүмкін, тек ветеринар маманның клиникалық-ветеринарлық бақылауынан соң сойған жөн.  Малдардың   үстіндегі  кенелерді   арнайы  қысқашпен алып, алынған кенелерді арнайы ыдысқа салып өртеп  жіберу,  малдарға  кене,  бүрге  секілді  зиянды  жәндіктерге   қарсы  залалсыздандыру   жұмыстарын  жүргізу,  түйелерді  обаға  қарсы  ектіру,  үйдегі  ит-мысықтардың  бүргелеп  кетпеуін  қадағалау,  балалардың  олармен  ойнауын  шектеу,  күдікті  тағамдарды  асқа  пайдаланбау керек.
А. САТЕКЕЕВА,    
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының  басшысы                                          
02 шілде 2026 ж. 72 0