Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

Қызылордалық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

Кеше Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде Альфия Балхан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады.

Талапкер негізгі білім сынағында «Қазақ тілі – қазақ әдебиеті» пәндері комбинациясы бойынша 138 балл иеленген. ҚАЗТЕСТ нәтижесіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялап, жалпы көрсеткішін 140-қа жеткізді.

Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа өткеннен бастап жүйелі жүргізген. Таңдаған мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талапкердің сөзінше, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен ана тіліне құрметі болашақ мамандығын таңдауға негіз болған.

Сондай-ақ ол ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
02 шілде 2026 ж. 66 0