Бір түлек 140 балл жинады: ҰБТ-ның бес күндегі нәтижесі белгілі болды
![](/uploads/posts/2019-06/medium/1561439652_news_full15614393259e7e8a56b321c82cf493e04bd9e044bb.jpg)
Әрі қарай ол 24 маусым күні ең жоғарғы балл 140 болғанын айтты. Аталған нәтиженің иесі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі – «Алтын белгі» белгісінің иесі Қасымжан Жұбай. Бүгінгі таңда биология, химия, математика және физика сынды пәндер ең көп таңдалып отыр.
Мұнымен қатар, ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Олармен арнайы мамандар жұмыс істеп, тестілеу қажет деген аудиторияда өткізілді.
«Өңірге жіберілген министрлік өкілдері ҰБТ өткізу технологиясын сақтау мақсатында жіберілді. Барлық тестілеу өткізетін орын бейнекамералармен және ұялы байланысты басатын құралдармен жабдықталған. Жалпы тестілеу өткізу мерзімінде ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына
546 қоңырау келіп түсті. Олардың көп бөлігін ЖОО-ларға түсу туралы ақпарат пен тамыз айында өтетін ҰБТ қызықтырып отыр. ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта - edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында - www.testcenter.kz жарияланды», - дейді министрлік өкілі.
Сөз соңында Тойбаев республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш келіп түскенін және оның 63-і қанағаттандырылғанын айтты.