Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай болады.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бір бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, оңтүстік пен батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ ел аумағында жел күшейеді. Батыс пен шығыста шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік облыстарда тұман түседі.

Синоптиктер бірқатар өңірде қатты ыстық сақталатынын ескертті. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл мен Маңғыстау облыстарында +38…+42 градус, ал Түркістан және Қызылорда облыстарында +40…+42 градус аптап ыстық болады.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде +40…+41 градусқа дейінгі өте қатты ыстық күтіледі.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz
09 шілде 2026 ж. 35 0