Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн мен түн теңеледі. 22 маусымда ауа райы қандай болады?

Күн мен түн теңеледі. 22 маусымда ауа райы қандай болады?

22 маусым – жазда күн мен түн теңелетін кез. Бүгін бірнеше өңірде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астанада түнде +16...+18°C, бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей кездері 23 м/с дейін жетеді. Күндіз +25...+27°C, бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.Алматыда түнде +19...+21°C, бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел 3-8 м/с. Күндіз +30...+32°C, жауын-шашынсыз.

Шымкентте түнде +18...+20°C, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Күндіз +35...+37°C, бұлтты, жауын-шашынсыз.

Абай облысында түнде +15...+20°C, батысында +13°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық +30...+35°C, жауын-шашынсыз.

Алматы облысында түнде +18...+23°C, таулы аймақтарда +8...+13°C, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, таулы және оңтүстік аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз +29...+34°C, таулы аймақтарда +19...+24°C. Таулы және оңтүстік аудандарда жаңбыр, найзағай.

Ақмола облысында түнде +14...+19°C, батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Жел – батыстан 15-20 м/с, күндіз батыс, солтүстік және шығыста екпіні 23-28 м/с. Күндіз +22...+27°C, оңтүстік пен шығыста +30°C. Солтүстік, шығыс, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Шығыс пен орталықта – шаңды дауыл.

Ақтөбе облысында түнде +11...+16°C, солтүстік-шығыста +8°C, оңтүстікте +20°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстік, шығыс және батыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз +21...+26°C, оңтүстікте +29°C. Оңтүстікте жаңбыр, солтүстік пен батыста аздаған жаңбыр, найзағай.

Атырау облысында түнде +16...+18°C, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +24...+26°C, жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде +15...+20°C, шығысында +12°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстік, шығыс және оңтүстікте 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық +30...+35°C, шығыста +27°C, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысында түнде +18...+23°C, таулы аймақтарда +13°C, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, таулы және оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс аудандарда 15-20 м/с. Күндіз +32...+37°C, таулы жерлерде +29°C, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр.

Жетісу облысында түнде +18...+23°C, таулы аймақтарда +15°C, жауын-шашынсыз. Жел – батыстан 9-14 м/с, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз +31...+36°C, таулы жерлерде +27°C, кей жерлерде жаңбыр, найзағай.

Батыс Қазақстан облысында түнде +10...+15°C, оңтүстікте +18°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батыс, оңтүстік және солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз +20...+25°C, оңтүстікте +28°C, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Қарағанды облысында түнде +14...+19°C, оңтүстікте +22°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыс пен солтүстікте күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +25...+30°C, оңтүстікте +33°C. Батыс пен солтүстікте жаңбыр, найзағай.

Қостанай облысында түнде +11...+16°C, батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыс пен оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз +21...+26°C, оңтүстік-шығыста +30°C. Жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ, дауыл.

Қызылорда облысында түнде +19...+24°C, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстікте 15-20 м/с. Күндіз +35...+40°C, солтүстікте +32°C. Солтүстікте жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл.

Маңғыстау облысында түнде +17...+22°C, батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз +25...+30°C, оңтүстікте +33°C, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысында түнде +15...+20°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, батыс пен солтүстікте кейде 23 м/с. Күндіз +28...+33°C, батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде +13...+18°C, батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, дауыл. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с, батыс, солтүстік және оңтүстікте 23-28 м/с. Күндіз +20...+25°C, шығыста +28°C. Көптеген аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ.

Түркістан облысында түнде +15...+20°C, солтүстік пен батыста +23°C, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, таулы аймақтарда 15-20 м/с. Күндіз +34...+39°C, таулы жерлерде +31°C, жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысында түнде +15...+20°C, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыс пен солтүстікте күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық +30...+35°C, солтүстікте +27°C. Батыс пен солтүстікте жаңбыр, найзағай.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
22 маусым 2025 ж. 41 0