Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда сәрсенбі, 11 маусымда ауа райы тұрақсыз болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ысиды, ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, кей қалаларда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +29...+31 градус.

Алматы – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл. Желңтүстік-батыстан 8-13 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +26...+28 градус.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +26...+28 градус.

Атырау – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз қатты ыстық +33...+35 градус.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +29...+31 градус.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз қатты ыстық +33...+35 градус.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +29...+31 градус.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +27...+29 градус.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +28...+30 градус.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +30...+32 градус.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз қатты ыстық +33...+35 градус.

Тараз – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +32...+34 градус.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28 градус.


Фото: Нұрболат Нұржаубай
11 маусым 2025 ж. 36 0