Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін қамаққа алынды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі – (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емесмақсатта тұтыну) бойынша жауапкершілікке тартылған О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Сотта анықталғандай, 11 шілде 2026 жылы КА3-06 «Карабутак-Кызылорда-Шымкент» тас жолы бойында кұрылган «Арал-Шеп» бекетінде Республика келемінде жургізіліп жатырган «Карасора» жедел профилактикалык іс шарасы барысында «Hyundai Accent» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жолаушы О.-ның сөмкесінен есірткі затына ұқсас зат анықталып, окиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылған.
Психикалык зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәләндырудың 11.07.2026 жылғы №199 қорытындысына сәйкес азамат О.-ның кіші дәретінің құрамынан каннабиноидтар метаболиттері тұтыну фактісі анықталған.
Құқық бұзушының кінәсі өзінің түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазба және медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.
Сот қаулысымен азамат О. ӘҚБтК-нің 440-1 бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық соты









