Түзеу мекемесінде қайта әлеуметтендіру бойынша кездесу өтті
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына бір жыл қалған сотталғандарды әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу бойынша іс шара өтті.
«Жігер» қоғамдық бірлестігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері, заңгер М.Джумадилаев және психолог А.Тулеубай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.Кездесудің мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу.

Шара барысында заңгер сотталғандарды заң талаптары мен құқықтары жөнінде ақпараттандырды. Жаза мерзімі аяқталған соң, заң аясында әрекет етудің жолдарын түсіндірді. Заңгерге жеке сұрақтарын жолдап, нақты жауабын алды. Мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының қызметкерлері «Жігер» қоғамдық бірлестігінің психологы А.Тулеубаймен бірлесе отырып тренинг өткізді. Бірлесе жұмыс жасап, тәжірибие алмасу аясында сотталғандардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесін сараптап, жеке-жеке баға берілді.
Мұндай шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтік бейімделуіне, психологиялық жай-күйінің жақсаруына және құқықтық сауаттылықтарының артуына оң ықпал етеді.
Рәпіш ТӨЛЕП,
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі










