Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Ұлттық банк 23 шілдеге арналған ресми валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, доллар – 469,59 теңге, еуро – 536,22 теңге, ал Ресей рублі – 5,96 теңге болды.

Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 466 теңге, сату бағамы 473 теңге болды. Еуро 532 теңгеден сатып алынып, 542 теңгеден сатылып жатыр. Ал Ресей рублінің орташа сатып алу бағамы 5,5 теңгені, сату бағамы 5,8 теңгені құрады.

Тимур Сүлейменов: Теңге Ұлттық банктың араласуынсыз-ақ нығайып жатыр

Алматыда доллардың орташа сатып алу бағамы 467,2 теңге, сату бағамы 470 теңге болды. Еуро айырбастау орындарында 533,2 теңгеден сатып алынып, 539 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублінің орташа сатып алу бағамы 5,61 теңге, ал сату бағамы 5,75 теңге деңгейінде қалыптасты.
Фото: istockphoto.com
23 шілде 2026 ж. 52 0