Доллардың бүгінгі бағамы қандай

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,7 теңге. Еуро 530 — 534 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 16 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,17 теңгеге қымбаттап, 488,67 теңге болған.
Ұлттық банк төрағасы осыған дейін жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсірегені туралы айтқан болатын.
Сондай – ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.
Сурет: zhaikpress.kz