Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Енем таныстырды»: Асан Пердешов екінші келіншегімен қалай танысқанын айтты

«Енем таныстырды»: Асан Пердешов екінші келіншегімен қалай танысқанын айтты

Танымал әнші Асан Пердешов ютубтағы «Кездесу» подкастына сұхбат беріп, өнері мен өмірі жайлы сыр шертті. Айтуынша, екінші келіншегімен болашақ енесі таныстырыпты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Танысуымызға енем себепкер болған. Мен әнші болдым. Ол қыздың дауысы әдемі болды. Анасы «Осы қызды көрші. Дауысы әдемі. Ән жазып бер. Дауысын тыңдап көрші» деді. Тыңдап көрдім. Бірінші тыңдап көрген кезде ол кішкентай қыз болды. Мектеп оқушысы болды. Дауысы, бәрі жақсы болды. Кейін концертпен жүрдік. Ол концертте қонақ болып жүрді. Мен киім ауыстыратын кезде ол шығып ән айтады. Осылай жүріп гастрольдік сапар аяқталды. Кейін біраз жоқ болып кетті. Араласпай, хабарсыз кеттік. Мен сол арада өзімнің отбасыммен ажырастым. Тағдыр шығар, екі жаққа кеттік. Депрессия деген нәрсе бар. Оны жеңу керек болды. Сол уақыттың бәрін өткізіп болған кездері үйдегілер «Үйленсеңші, қашанғы жүресің» деді. Екінші рет отбасын құру керек болды. Жабылып қыз іздедік. Олар да іздеді, өзім де іздедім. Бір күні қазіргі келіншегіммен сөйлесіп, сөйтіп бір келісімге келіп, отбасын құрдық», - дейді ол.

turkystan.kz
Фото: видеодан скриншот
23 шілде 2026 ж. 103 0