№60 мекемеде жазасын өтеушілерге психологиялық терапия өткізілді
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтуге негізделген іс-шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда.№60 мекемесінің психологтары кезекті терапиясын жүргізді.Қазіргі заманда адамның психологиялық жағдайына көңіл бөлу аса маңызды. Күйзелістен арылудың түрлі жолдары бар, солардың бірі – сурет салу терапиясы. Бұл әдістер адамның ішкі әлемін тыныштандырып, эмоцияларын бейнелеу арқылы жеңілдетуге бағыталған. АРТ терапиясы – адамның қиялына ерік беріп, ойындағы әртүрлі бейнелерді қағаз бетіне түрлі бояудың көмегімен салу тәсілі. Адам суретті бейнелеу арқылы өз сезімін, қорқынышын немесе армандарын бейсаналы түрде сыртқа шығарады. Суретті қағаз бетіне түсірудің басты ерекшелігі, адам өз ойын көрсете алады және одан оңай арылады. Арт терапия – ішкі тепе-теңдікті орнату. Адамның бар ойы қалам ұшымен суреттеледі, бұл тура дәлдікпен сол адамның ішкі халін сипаттайды.

Ал дәл осы терапия сотталғандарға психологиялық көмеке беруде үлкен улес қосады. Олардың ішкі жан дүниесін сауықтыру арқылы, психологиялық тұрақтылықты нығайтады. Қағаз бетіне түскен бейнелер мен олардың қанық түстері психологиядан хабар береді. Осы тұста психологтар жазасын өтеушілерге эмоцианалдық тұрғыда баға беріп, түрлі әдістерді жоспарға еңгізеді. Осындай қарапайым, бірақ әсерлі тәсіл арқылы әрбір сотталған азамат ішкі әлемімен үндесуді үйренді.
Рәпіш ТӨЛЕП
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі










