Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болады
Құрылтай – халқымыздың ежелден келе жатқан ақылдасу, кеңесу, елдік мәселелерді бірлесіп талқылау дәстүрінің жалғасы. Бұл – өткенге тағзым етіп, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ортаға салып, келешекке нық қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.Осындай тағылымды жиында елдің дамуы, қоғамның өзекті мәселелері, жастардың болашағы, ұлттық құндылықтарды сақтау, білім, мәдениет, тәрбие және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзекті тақырыптар талқыланады. Әрбір айтылған ұсыныс пен көтерілген мәселе ел игілігіне қызмет етуі – бәріміздің ортақ тілегіміз.
Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болады. Сондықтан мұндай маңызды басқосулар әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, ортақ мүдде жолында жұмыла әрекет етуге дайын екенін көрсетеді. Соған байланысты бірауыздан жұмыла дуыс берейік!









