Ел болашағы – сенің таңдауың
Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні – ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір отандасымыз дауыс беріп, мемлекеттің жаңа бағытын айқындауға атсалысатыны мәлім.Баршамыздың ортақ үйіміз – кең-байтақ Қазақстанның қамын ойлап, халқымыздың еңселі ертеңіне, татулықпен атқан әр таңына алаңдайтын болсақ, әр дауыс маңызды. Соған байланысты әрқайсымыз өзімізді еліміздің алға қарай дамуына үлес қосатын азаматы ретінде сезініп, болашағымыз үшін дауыс беруге асығайық!










