+42 градусқа дейін ыстық: бүгін ауа райы қандай болады?
Қазақстанның солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы, желдің күшеюі күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ал батыс және оңтүстік облыстарда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында күн салыстырмалы түрде салқындау болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі.
Алматы мен Алматы облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Өңірде күндіз ауа температурасы +31...+36 градусқа дейін жетеді.
Жетісу облысында да аптап ыстық болады. Талдықорғанда күндіз +33...+35 градус ыстық күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысып, кей жерлерде ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Күндіз ауа температурасы +26...+28 градус болады. Алматыда +32...+34 градус, ал Шымкентте +35...+37 градус ыстық күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, ұзақ уақыт күн астында жүрмеуге кеңес береді.
Фото: massaget.kz










