Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні – ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір отандасымыз дауыс беріп, мемлекеттің жаңа бағытын айқындауға атсалысатыны мәлім. Ел дамуының жаңа кезеңі қарсаңындағы дәл сол күн – халық жаңа таңдау жасайтын тарихи күн. Болашақ жастардың қолында дейміз. Сондықтан да мемлекетіміздің мызғымас іргетасын қалауға әрбір жас өз үлесін қосуы тиіс. Құрылтай сайлауы сондай мүмкіндіктің бірі. Себебі, біз өз дауысымыз арқылы ертеңгі күнге жол қалап, бағытты айқындауға септігін тигізері анық. Ал сәтте ортақ істен шет қалу қалмағаны абзал. Өйткені, бүгінгі жас буынның кішкентай қадамы болашақтағы үлкен жетістіктердің бастауы бола алады.