Мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жүргізілген мониторинг туралы
Жұмысшы топ құрамына аудандық сайлау комиссиясы, Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің аудандық өкілдері тартыла отырып, 2026 жылдың 5-15 тамыз аралығында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін барлық сайлау учаскелерiнің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін сайлау учаскелерiнің көзі нашар көретіндер мен құлағы нашар еститіндерге жағдайдың жасалуы, кресло-арба пайдаланушыларға қол қолжетімділігі, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқықтары мен қажеттіліктері жөніндегі зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында кресло-арбадағы сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның қолжетімділігін, атап айтқанда кіреберістердің, пандустардың, ақпараттық белгілердің және дауыс беру процесіне қажетті басқа да жағдайлардың талаптарға сәйкестігіне көз жеткізіп, учаскеге кіру, ғимарат ішінде қозғалу және дауыс беру процесіне қатысу мүмкіндіктері практикалық тұрғыда бағаланды.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрышта зағип жандар үшін дайындалған аудиожазбалар тыңдалып, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынып, ескерту бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Аталған жұмыстар мүгедектігі бар азаматтардың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына толыққанды қатысуына жағдай жасау және олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Арал аудандық сайлау комиссиясы










