"Ұл бала деп ойлап қалды": 7 жасар қазақстандық қыз «Кішкентай Әлем аруы – 2019» атанды

Аиша үшін бұл алғашқы жеңісі емес. Ол бір жарым жыл бұрын «Кішкентай Қарағанды аруы», артынша Mini Miss Grand Prix Russia 2018 атанған еді.
Аиша байқауда лезгинка билеп, өнерімен көпшілікті тәнті етті. Тіпті, көрермендер бастапқыда оны ұл деп ойлап қалған.
«Оның қыз екенін бәрі бірден түсінбей қалды. Себебі басында ер адамның шашы болды ғой. Өзінің шашын жасырып қойдық. Басындағы жасанды шаш ұшып түскенде, бәрі қайран қалды», - дейді қыздың анасы Зарина Әбенова.
Ал кішкентай Аишаның өзі байқауға жеңіс үшін барғанын айтады.
«Жеңетінімді нақты білмедім. Алайда қатты қобалжыдым. Жеңіс үшін бардым. Өте қуаныштымын. Дәл қазір тезірек үйге қайтып оралып, отбасым мен достарымның ортасында болғым келеді», - дейді Аиша Әбенова.