Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Бүгін, 10 қыркүйекте кей өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте 37 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.Синоптиктер сондай-ақ жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман басып, шаңды дауыл болатынын болжады. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.
Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстікте – бұршақ, дауыл, оңтүстікте – шаңды дауыл болады.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанған. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда еліміздің оңтүстік-батысында, солтүтік-батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Сурет: ашық дереккөз










