Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан мен қараша жылы болады

Қазан мен қараша жылы болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қазан мен қарашада орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазандағы ауа райы
Қазанда еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын, елдің батысы мен солтүстік-батысында нормадан жоғары, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталықта және Абай облысының жазық бөлігінде нормадан аз болады деп болжанып отыр.

Қарашадағы ауа райы
Қарашада жауын-шашын еліміздің басым бөлігінде норма шегінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында нормадан жоғары болады.

Министрдің айтуынша, "Қазгидромет" болжам дәл болуы үшін жыл басынан бері жасанды интеллект элементтері бар WRF цифрлық моделін қолданып келеді.

"Бұл - ауа райын болжаудың сандық моделі, ол 2 және 6 шақырым кеңістіктікті қамти отырып, 48 сағатқа және 10 тәулікке дейін болжай алады. Бұл технологияларды қолдану мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және жалпы халықты уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Фото: massaget.kz
29 қыркүйек 2026 ж. 57 0