Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазанама

Қазанама

Сыр жұртшылығы орны толмас қазаға душар болды.
4 қазан күні 79 жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, елге белгілі тұлға Төребаев Шахизат Хамитұлы дүниеден өтті.
Шахизат Хамитұлы 1948 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының «Таң» ауылында дүниеге келген.
Ол саналы ғұмырын Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне арнаған, мемлекеттік қызметтің әр саласында абыройлы еңбек еткен білікті маман, тәжірибелі басшы, ардақты әке, немере-шөберелеріне өнегелі ата бола білді.
Алғашқы еңбек жолын 1971-1976 жылдар аралығында Қызылорда политехникумында оқытушы болып бастады. 1976-1987 жылдар арасында Қызылорда облыстық партия комитетiнде жауапты қызмет атқарды.
1987-1995 жылдары Қызылорда қалалық халық депутаттары Кеңесi атқару комитетi төрағасының орынбасары, 1992-1995 жылдары Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасары, бiрiншi орынбасары қызметінде болды.
1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасының бiрiншi қос палаталы Парламентi Мәжiлiсінің депутаты болып сайланды.
1999 жылы Қызылорда облысы әкiмінiң орынбасары;
2001 – 2004 жылдары Қармақшы ауданының әкiмi;
2004 жылы Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы қызметiн абыроймен атқарды.
2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығының Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры қызметін атқарып келді.
Шахизат Хамитұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде аймақтағы қоршаған ортаны қорғау саласына, экологияны жақсартуға зор үлес қосты.
Нарыққа өту кезеңiнде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына, кооперативтердiң құрылуына, яғни ел экономикасының жаңа жүйеге бетбұрыс жасау уақытындағы бастамаларға атсалысты.
Облыс орталығын абаттандыруға, сәулеттi ғимараттардың бой түзеуiне еңбек сіңірді. Парламент Мәжілісінің депутаты кезiнде қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның қабылдануына белсене араласты.
Ғылыми iзденiстерінің көкжиегін кеңейтіп, 1997 жылы «Арал өңiрiнiң экологиялық проблемалары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 8 ғылыми мақаланың авторы атанды.
Шахизат Хамитұлы Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық және рухани саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қай қызметте де абыройлы, елге сыйлы, халыққа қамқор бола білді.
Болмысы биік, парасаты жоғары, ары да жаны да таза мемлекетшіл азаматтың, нар тұлғалы қайраткердің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!
Болмысы биік тұлғаның жарқын бейнесі Сыр жұртшылығының жадында мәңгі сақталады.
Бақұл болыңыз, Сырдың арда азаматы!
Қонақ асы5 қазан күні сағ. 17:00-де өтеді.
Мекенжайы: Қызылорда қ-сы. Төле би көшесі 161 үй.
Жаназа намазы 6 қазан күні сағ. 10:30-да өтеді.
Мекенжайы: Қызылорда қ-сы. Төле би көшесі 161 үй.
Марқұмның рухына арналған асы 6 қазан күні сағ. 13:00-де «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің асханасында өтетінін хабарлаймыз!
Қызылорда облысының әкімдігі,
облыстық мәслихат,
облыстық Қоғамдық кеңес,
облыстық Ардагерлер кеңесі.
05 қазан 2026 ж. 65 0