Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыста не істеуге болады?

Демалыста не істеуге болады?

Мамыр айы өзінің бірнеше демалыс күндерімен қуантады. Демалыс күндері көңіл көтеруден басқа, немен айналысуға болады? Массагет ұжымы мынадай 12 істен тұратын тізім құрастырды. Есесіне, демалысыңыздн текке өтпегеніне сенімді боласыз: 1. Мамыр айындағы көп демалыстардың бірін пайдаланып терезелерді жуып алыңыз. Әсіресе, қалада көп қабатты пәтерлердің терезесі байқалмаса көлік түтініне тұнып қалады. Перделерді жуып, терезелерді тазалап, үйіңізге жаңашылдық сыйлаңыз. 2. Терезелерді бастағандықтан, барлық пәтерді толықтай жинап алу артық етпейді. Әсіресе, қыстан кейінгі нағыз көктем мен жылылықтың мерзімі енді басталған шақта уақытты текке жіберуге болмайды. 3. Қысқы киімдерді салып, көктем мен жазға арналған киімдерді шығаратын уақыт та келді. Егер мүлдем кимейтін киіміңіз болса, оны қайда және кімге тапсыруға болатынын ойланып, түрлі жолдарын қарастырып көріңіз. 4. Кітап сөресін де естен шығармаңыз. Мүмкін, басталып, оқылмай қалған кітапты тауып аларсыз. 5. Үй тазалағын ретке келтірген соң, өзіңіздің жаныңызға жайлы заттармен айналысыңыз. Мүмкін, демалыстың бір күнін пайдаланып тауға немесе бассейнге барарсыз? 6. Ұйқыңызды қандырып алыңыз. Осы демалысыңызды пайдаланып алмасаңыз, келесі бірнеше күндік демалысқа дейін ұзақ күтуге тура келеді. 7. Ешқайда асықпайтындықтан, таңертеңгісін жаттығуға уақыт бөліңіз. 8. Бір күн уақытыңызды табиғат аясында өткізіңіз. Әсіресе, мамыр айының жайма-шуақ күндерін пайдаланып қалыңыз. 9. Көптен бері хабарсыз кеткен достарыңызға қоңырау шалып, саябаққа шақырыңыз. Өзіңізбен бірге, тамақ пен доп ала барыңыз. 10. Дәмді тағам әзірлеп, қонақ шақырыңыз. Ас бөлмеде шай ішіп, әңгімелесу қашан да адамдарға тәтті естелік сыйлайды. 11.  Үйдегілермен үй кино көрілімін жасаңыз. Бірге қарайтын сүйікті фильмдеріңізді қайта қарап шығыңыз. Есесіне, талқылайтын ортақ әңгіме табылады. 12. Үйге қонақ шақырғыңыз келмесе, өзіңіз қонаққа барыңыз. Достарыңыз, ағайындарыңыздың үйіне барып, бір сергіп қайтыңыз. Ал, сіз демалыста не істейсіз?
https://massaget.kz

17 мамыр 2019 ж. 623 0