«Заң мен тәртіп»: Оқушылармен құқықтық кездесу өтті
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Анаға тағзым» орталығында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Өз құқығыңды біл!» тақырыбында кездесу өтті. Шараға облыстық полиция департаментінің қызметкері Зарина Есқалиева мен «125 High School» мектебінің оқушылары қатысты.Құқықтық-танымдық кездесуде спикер Зарина Муатқызы оқушыларға құқық пен міндет, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, құқықтық мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды.
Кездесу барысында қонақтар «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысып, қызмет бағыты және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы туралы мағлұмат алды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал ету.










