Ұлттық мереке күні өңірімізде 42 сәби дүниеге келді
25 қазан – Республика күні мерекесінде Қызылорда облысында 42 сәби дүниеге келді. Оның 24-і ұл бала, 18-і қыз бала. Нәрестелердің арасында егіздер де бар.Ұлттық мереке күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Қуанышбаев перзентханада болып, мереке күні босанған аналарды құттықтады. Аналарға ізгі тілектерін жеткізіп, сәбилерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақытты балалық шақ тіледі.
Республика күні өмірге келген сәбилердің шат күлкісі мен аналардың қуанышы ұлттық мерекенің мәнін арттыра түсті.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі










