Жолдау жүктеген міндет: экономикалық өсім мен халық әл-ауқаты
Ел экономикасын дамыту, халық табысын арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және әлеуметтік саланы жаңғырту – мемлекет алдындағы маңызды міндеттер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Жолдауында реформалардың нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан көрінуі керектігін атап өтті.
Цифрлық экономика – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол
Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылып, жыл соңына дейін үшіншісін пайдалануға беру жоспарланған. Каспий теңізінің түбімен тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша жұмыс аяқталып, деректерді өңдеу орталықтары салынуда.
Президент цифрландыру азаматтардың мүмкіндігін кеңейтіп, табыс табуға және кәсіп жүргізуге жол ашуы тиіс екенін айтты. Үкіметке жыл соңына дейін цифрлық жұмыспен қамтуға арналған құқықтық режим әзірлеу, келесі жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге көмектесетін пилоттық жобаларды іске қосу тапсырылды. Активтерді токенизациялау арқылы инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейту де көзделіп отыр.
Инфрақұрылымды жаңғырту – елді мекендер дамуының негізі
Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар, медициналық мекемелер, оңалту орталықтары, мектептер, спорт кешендері, кітапханалар мен тұрғын үйлер салуға басымдық берілмек.
Халық санының өсуі мен ішкі көші-қонды ескере отырып, әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті дұрыс жоспарлау, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру және құрылыс сапасын бақылау маңызды. Бөлінген қаржы елді мекендердің дамуына нақты үлес қосуға тиіс.
Халықтың табысын арттыру – экономикалық саясаттың басты бағдары
Экономикалық өсімнің негізгі нәтижесі халықтың әл-ауқатынан көрінуі керек. Инфляцияны төмендету және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен Ұлттық банкке үйлесімді жұмыс жүргізу тапсырылды.
Президент ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру қажеттігін атап өтті. «Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру шамамен 1,8 миллион адамның, оның ішінде бюджет саласындағы 370 мыңнан астам қызметкердің табысына әсер етеді. Халық тұрмысын жақсарту үшін өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау қажет.
Банк қаржысы өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалуы тиіс
Банк активтері 75 триллион теңгеден асып, депозиттер көлемі 52 триллион теңгеге жеткен. Президент осы қаражатты өндірісті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау қажеттігін айтты.
Банктердің ұзақ мерзімді инвестициялық несиелеуге қатысуын күшейтіп, даму институттары мен халықаралық қаржы ұйымдарының мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Сонымен бірге кәсіпорындардың капитал нарығы арқылы қаржы тартуына жағдай жасау көзделген.
Салық жүйесі түсінікті әрі әділ болуы қажет
Жаңа Салық кодексін қолдану кезінде туындаған қиындықтарды ескере отырып, Президент Үкіметке бизнес өкілдерінің ұсыныстары негізінде заңнаманы жетілдіруді тапсырды. Мақсат – қайшылықтарды жойып, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту.
Ірі байлық иелеріне жоғары салық мөлшерлемесін қолдану мәселесін зерделеу ұсынылды. Бұған қоса, жасанды интеллектіні пайдаланып, бюджет қаражатын басқару мен қазына жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттігі айтылды.
Кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, заңнамалық негіз жаңарады
Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық өндірушілерді қорғау маңызды. Президент кәсіпкерлерге негізсіз қысым жасамау және экономикалық құқық бұзушылықтарға қатысты жауапкершілік шараларын қайта қарау мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ қазіргі экономикалық талаптарға сай жаңа Азаматтық кодекс әзірлеу ұсынылды. Құжат кәсіпкерлер мен инвесторларға тұрақты құқықтық орта қалыптастырып, азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталмақ. Оны келесі жылдың соңына дейін қабылдау ұсынылды.
Әлеуметтік қолдау нақты мұқтаждыққа негізделеді
Мемлекеттік көмектің тиімділігі оның көлемімен емес, нақты мұқтаж жандарға жетуімен өлшенеді. Президент әлеуметтік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеуді ескертіп, қолдау тетіктерін алдымен пилоттық режимде сынап, нәтижесі дәлелденген соң кеңінен енгізуді ұсынды.
Әлеуметтік саясаттың мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әр азаматтың өз қабілетін дамытуына мүмкіндік жасау. Бұл ретте денсаулық сақтау мен білім беру салалары басым бағыт болып қала береді.
Ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді
Қазақстанда жеті миллионға жуық бала бар, жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Осыған байланысты сегіз заманауи перинаталдық орталық салу, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында көпбейінді балалар ауруханаларын, Астанада тағы екі медициналық нысан салу жоспарланған.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдірумен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін көтеру тапсырылды. Бұл 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім еңбегін бағалау – білім сапасын арттырудың алғышарты
Президент мектептердегі қағазбастылық пен артық есептілікті азайтып, мұғалімдердің негізгі міндетіне – оқушының білімін жетілдіруге көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасауды тапсырды. Педагогтің абыройын қорғап, отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігін күшейту де маңызды.
Жолдауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының 237 мыңнан асқаны айтылды. Осыған орай инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту, маман тапшылығын азайту және балалардың ерекшеліктерін ерте анықтау міндеті қойылды.
Мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай жаңғырады
Президент Әкімшілігіне ғылыми ұйымдармен бірлесіп, ел дамуының алдағы кезеңіне арналған құжат әзірлеу тапсырылды. Орталық органдардан ауыл әкімдіктеріне дейінгі басқару құрылымдарын жетілдіріп, мекемелердің дербестігін арттыру көзделіп отыр.
Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы қайталанатын міндеттерді қысқартып, шешім қабылдау үдерісін жеделдету қажет. Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кешенді жоспарын ұсыну міндеттелді.
Басты нәтиже – халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы
Жолдаудағы бастамалардың түпкі мақсаты – экономиканы нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру. Цифрландыру, өндіріс пен инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әлеуметтік қолдауды жетілдіру өзара сабақтас жүзеге асуы керек.
Заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, адал еңбек, білім мен ғылымға басымдық беру елдің тұрақты дамуына негіз болады. Реформалардың табыстылығы қабылданған шешімдермен ғана емес, халықтың күнделікті өміріндегі оң өзгерістермен өлшенеді.

Оңталап ЖОЛДАСОВ