«Орталық» бастауыш партия ұйымы президент жолдауын қолдайды

«Орталық» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдауға арналған жиын өтті. Басқосу барысында Жолдауда белгіленген ел дамуының басым бағыттары талқыланып, алға қойылған міндеттердің маңыздылығы атап өтілді.
Жиынды ұйым төрағасы Гүлмайра Тортайқызы жүргізіп, Президент Жолдауында көтерілген негізгі мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, ауыл-аймақтардың әлеуетін көтеру және мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
Ұйым төрағасы елдің тұрақты дамуы қоғамдық келісімге, бірлік пен жауапкершілікке тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар «Халықтық құрылыс» аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың маңызына тоқталып, олардың тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына серпін беретінін жеткізді.Жиын барысында ауыл шаруашылығын жаңғырту, отандық өндірісті қолдау, көлік-логистика саласын дамыту және елді мекендердегі инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бағыттарының да өзектілігі айтылды. Бұл бастамалардың жүйелі жүзеге асуы әр өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Басқосуға қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді қолдай отырып, ел дамуына бағытталған бастамалардың жүзеге асуына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті.Жолдау – ел болашағын айқындайтын маңызды бағдар. Онда көтерілген міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау және халық игілігі үшін еңбек ету – баршамызға ортақ міндет.










