Президент Жолдауы талқыланды

Осыған орай Жақсықылыш және Қарақұм бастауыш партия ұйымдарының мүшелері арнайы жиын өткізіп, Президент Жолдауын жан-жақты талқылады. Кездесуге партия мүшелерімен қатар, ауылдық округтердің белсенді жастары мен қоғам қайраткерлері де қатысты.
Жиын барысында сөз алғандар Жолдаудағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, ауыл инфрақұрылымын дамытуға, жастарды қолдауға және әділетті қоғам құруға бағытталған бастамаларға кеңінен тоқталды. Әсіресе, білім беру саласын жаңғырту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қызу талқыланды.
Кездесуге қатысушылар Президент Жолдауында айтылған басым бағыттарды қолдайтындарын білдіріп, әр саладағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын атап өтті.
#АМАНАТ