Президент Жолдауын бастауыш партия ұйымдары талқылауда

Жиын барысында қатысушылар Жолдауда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағыттары жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жетілдіру, жастарға қолдау көрсету мәселелері де талқылаудың негізгі өзегіне айналды.
Партия ұйымының мүшелері Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың ел дамуына серпін беретінін атап өтіп, оларды жүзеге асыруда әр азаматтың белсенділігі маңызды екенін жеткізді.
Жиын соңында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді қолдай отырып, оны орындау жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
"Толқын" ақпарат