Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымында Президент Жолдауы талқыланды

Бастауыш партия ұйымында Президент Жолдауы талқыланды

«AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалының «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Жиында сөз алған бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Айтжанов Президент жолдауындағы маңызды мәселелерге жан-жақты тоқтала келе, Жолдаудың экономикалық жаңғырту және қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталып, көптен көтеріліп, шешімін таппай жүрген мәселелерді қамтығанын, атап айтқанда, жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, балалар қауіпсіздігі, білім сапасы секілді әлеуметтік сипаттағы бастамалардың кеңінен көтерілгендігін және Мемлекет басшысының алда атқарылар бірқатар істерді айқындап бергендігін айтып өтті.
Жиын барысында сөз алған аудандық мәслихат депутаты Ә.Алданов «Президент ел экономикасын ілгері сүйрейтін әлеуетті салалар ретінде өндіріс пен қайта өңдеуді, көлік – логистика, цифрландыру және кәсіпкерлікті қолдауды атап өтті. Отандық агроөнеркәсіп кешені мен су мәселесінің айтылуын үлкен толғаныспен қабылдадық. Су мәселесі де тұтас елімізді қамтитын, күн тәртібінен түспей тұрған күрделі тақырып. Жолдауда аталған саладағы мәселелер кешенін дәл айқындап, шешу жолдарын ұсынды Сондай-ақ «Әділетті Қазақстанды» құру және «Адал азамат» - «Жауапты азамат» құндылықтарын қалыптастыру мемлекетіміздің қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік негіздеріне айналуы тиіс» деп Жолдаудан алған әсері мен пікірін ортаға салды.
Талқылау барысында партия мүшелері Жолдауда айтылған барлық міндеттердің елдің дамуына тың серпін беретін уақытылы шаралар екенін айта келе, халықтың ең өзекті сауалдарына Жолдаудың нақты жауап бергендігін айтты.

"Толқын" ақпарат
07 қыркүйек 2023 ж. 134 0