Президент бастамаларын партия мүшелері қолдайды

Кездесулерге партия мүшелерімен қатар еңбек ұжымдарының өкілдері де қатысып, Жолдаудағы негізгі бағыттар жөнінде ой бөлісті. Әсіресе, әлеуметтік саланы қолдау, экономиканы әртараптандыру, жастарды қолдау және өңірлерді дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиын барысында қатысушылар Президент Жолдауында айтылған нақты міндеттер елдің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын ерекше атап өтті. Олар әрбір бастаманы іске асыруда партия ұйымдарының белсенділігі мен халықтың бірлігі маңызды екеніне тоқталды.
“Жолдаудағы міндеттер уақыт талабына толық сәйкес келеді. Бастамаларды қолдау арқылы біз еліміздің дамуына үлес қосамыз” – деді жиналғандар.
Осылайша бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Президент Жолдауын жүзеге асыруға қолдау білдіріп, алдағы уақытта нақты істерге жұмыла кірісуге ниет танытты.
"Толқын" ақпарат